Хоххоттың Орталық Азия жүк пойызының алғашқы көліктерді тиеген арнаулы рейсі жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 мамыр

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 25 мамырда Ішкі Моңғұлдың Хоххот қаласынан алғашқы Орталық Азия жүк пойызы жөнелтілді. Жалпы жүк құны шамамен 29 миллион юань болатын осы арнайы пойыздағы 286 отандық дербес маркалы коммерциялық көліктер Шыңжаң Қорғас порты арқылы елден шығып, Қазақстанның Алматы қаласына барады.

Бұл арнайы пойыздың әрбір вагонында 8-ден 10-ға дейін тауарлық көлік тиелген. Тауарлық көліктерді вагонға тікелей жүргізіп кіруге болады.

Осы жылдан бастап Ішкі Моңғұлдің Хоххот қаласы жалпы 68 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті. Сонымен бірге 3740 TEU болатын автомобильдерді, көлік доңғалақтарын, ауылшаруашылық техникаларын және басқа да тауарларды экспорттады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото