Сыртқы істер министрлігі: Қытай-Еуропа пойызы Азия-Еуропа саудасы үшін аты затына сай «алтын арнаға» айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қазірге дейін жолға шыққан Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы саны 90 000-нан асты. Олардың жалпы құны 380 миллиард АҚШ долларына тең. Қытай Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Мао Нин кеше өткен баспасөз мәслихатында «Бір белдеу, бір жол» бастамасының флагмандық жобасы және көрнекті бренді ретінде Қытай-Еуропа пойызы Еуропаның 25 еліндегі 223 қалаға жетіп, Азиядағы 11 елді байланыстырып, 100-ден астам қаланы тұтастырғанын жеткізді. Соңғы сегіз жылда Қытай-Еуропа пойызының жылдық саны 1702-ден 17000-ға дейін өсті; жылдық тасымалдау құны 8 миллиард АҚШ долларынан 56,7 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Сөйтіп бұл сала Азия-Еуропа саудасы үшін аты затына сай «алтын арнаға» айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото