- Барлық ақпарат
Елдегі алғашқы сутегі энергетикалық қалада қатынайтын пойызымен танысыңыз
29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Ішетіні»- сутегі, ал шығаратыны -су буы. Мұндай пойыз немен жүреді? Цзилинь өлкесі Чанчунь қаласындағы елдегі сутегі энергетикасы саласындағы алғашқы қала аумағында қатынайтын пойыз шықты. Пойыз кезекшінің бақылауында өздігімен жүріп қана қоймайды, сонымен бірге май кетірмей, электр энергиясын тұтынбайды, лас шығарындылар шығармайды. Оның жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді!
CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd компаниясының пайдалануға беру шеберханасына кіре қалсаңыз көз алдыңызға болашақтың заманауи «ғылыми-фантастикалық пойызы» келеді. Жақында CRRC Changke компаниясы жасаған елдегі алғашқы сутегі энергетикасы қала аумағында қатынайтын пойызы жылдамдықты сынауды сәтті аяқтады. Бұл теміржол транзиті саласында сутегі энергиясын пайдаланудағы жаңа тарихи серпіліс болды.
«Пойыз «сутегі энергиясы + энергияны сақтау» қуат жүйесімен және сутегі-электр гибридті энергияны басқару стратегиясы жүйесімен жабдықталған». «Қос жүйенің» және көлік құралдарын басқарудың терең интеграциясы энергияны пайдалану тиімділігін едәуір жақсартады және қоршаған ортаны қорғайды. CRRC Changke компаниясының конструкторлық менеджері Инь Хан: «пойыздың тұрақты қуаттылық жағдайында энергияны сақтайтын батареялардың көлемі біртіндеп кішірейіп, пойыздардың жүктемесі төмендеп, пойыз шапшаң жүретін болды», - дейді.
people.cn © People's Daily Online