Қытай мен Орталық Азия арасында төтенше жағдайларды басқару бойынша ынтымақтастық тетігі құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 мамыр

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 30 мамырда Шыңжаңның Үрімжі қаласында Қытай-Орталық Азия төтенше жағдайларды басқару министрлерінің конференциясы өтті. Кездесуде Қытай мен Орталық Азия арасындағы төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастық тетігі ресми түрде құрылғаны жарияланды.

Қытай мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сяқты Орталық Азияның бес елі бірлесіп «Қытай—Орталық Азиядағы төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастық тетігін құру туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды, «Қытай—Орталық Азиядағы төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарын (2024-2026 жж.)» қабылдап, Қытай-Орталық Азиядағы Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі жұмыс ұжымының құрылғаны туралы хабарлады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото