Отандық ұшақтар бірінші рет юаньмен саудаланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- China Aircraft Leasing Group Индонезияға Lingya Airlines авиакомпаниясына жеткізген үшінші отандық ARJ21 реактивті ұшағы 31 мамырда Индонезияның астанасы Джакартаға жетті. Бұл отандық ұшақтың юаньмен алғашқы трансшекаралық есеп айырып сатылуы.

China Aircraft Leasing Group-тың мәліметіне сәйкес, ұшақ өзінің еншілес компаниясы Lingya Airlines компаниясына жалға экспортталды. Бұл жоба бойынша China Aircraft Leasing Group алу және жалдауда юаньмен есеп айырысуды қабылдайды. Ал жалдау ақысы Қытай қаржыландыратын отандық және шетелдік қаржы ұйымдарының трансшекаралық байланысы арқылы өтеледі.

Мәліметтерге сәйкес, Lingya Airlines ARJ21-дің алғашқы шетелдік пайдаланушысы. 2023 жылдың сәуірінде Lingya Airlines әуе паркінің құрамына кіретін ARJ21 ұшағы ресми түрде коммерциялық пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін ARJ21 Индонезияда бір жыл бойы тұрақты жұмыс істеп келеді әрі жазатайым оқиғалар кездеспеген озық көрсеткішті сақтап қалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото