Шыңжаң лососі әлемге «жүзді»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Іле қазақ автономиялық облысы Нылқы ауданы Қарасу ауылы соңғы он жылда ондаған мың тонна лосось өсіріп, оларды бүкіл елге, тіпті әлемге дейін «жүздіріп» жатыр.

Шыңжаң Тяньюнь органикалық ауыл шаруашылығы компаниясының бас меңгерушісі Ли Чуньюй Шыңжаңдағы балық шаруашылығының артықшылықтары суық су ресурстары мол, онда таза, суық және оттегіге бай су қайнары бар екенін жеткізді.

Ли Чуньюй «Біз өсіретін лососьтің өсу ортасына деген талабы жоғары» дей келіп, мұндай ортада өсірліген балықтардың сапасы жоғары, ішкі-сыртқы нарықтық сұранысқа ие екенін жеткізді.

Сонымен қатар, балық шаруашылығына инновациялық технологиялар енгізілуде. Компания экологиялық және қоршаған ортаны қорғау торларын өсіру жүйесін әзірледі. Жасыл экологиялық және қоршаған ортаны қорғау торларының елдегі алғашқы жергілікті стандартын әзірлеуге жетекшілік етті. Елдегі алғашқы су астындағы залалсыздандыру роботын жасап шығарды және қолданды. Бірінші болып жартылай жабық айналымдағы аквамәдениет жүйесін дайындады……

Ғылым мен техниканың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, соңғы жылдары компания BAP жаһандық аквамәдениет альянсы, BRC жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі сертификаты, антибиотиктерсіз өнімдер және «HACCP жүйесі» сияқты сертификаттарға ие болып, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізді.

Қазіргі уақытта компания жылына 40 миллион лосось шабақтарын өсіре алады. Ал жоғары сапалы лососьтің жылдық өндірістік қуаты 12000 тоннаны құрайды. Ол ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзірлемелерді, шабақтарды өсіруді, интеллектуалды баптау, жақсы өңдеуді және сатуды біріктіретін жетілген тұтас өнеркәсіптік тізбекті құрды.

Ли Чуньюйдің айтуынша, Шыңжаң 2023 жылы 6700 тонна жоғары сапалы лосось өсірген. Бұл Қытайдың ішкі лосось өндірісінің үштен бірін құрайды.

Лосось өнеркәсібінің дамуы жоғары және төменгі өнеркәсіптік тізбектерде 3000-нан астам адамды жұмыспен қамтыды. Бұл фермерлер мен малшыларға қамшыларын тастап, қармақ ұстап балықшы болуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жергілікті жұмысшыларға көбірек жұмыс мүмкіндіктерін туғызып, жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға көмектесті.

Лосось - Шыңжаң балық шаруашылығының жоғары сапалы дамуына ықпал етуінің көрінісі. Қазіргі уақытта Шыңжаңның табиғи суларында балық шаруашылығы ресурстарын игеру және пайдалану жылдан жылға артып келеді. Ал суық судағы балық шаруашылығының дамуы қарқынды өсу тенденциясын көрсетті.

«Біз 8-інші Қытай-Азия-Еуропа көрмесіне қатысуға дайындалып жатырмыз. Әр түрлі отандық және халықаралық көрмелер арқылы Тяньшань балықтарын тіпті де алысқа «жүздіреміз!»,- дейді Ли Чуньюй.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото