- Барлық ақпарат
Қорғастағы трансшекаралық электронды коммерция
21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бейнежазбада емін-еркін тікелей эфирді жүргізіп отырған бойжеткен Қытай-Қазақстан «Қорғас» Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының жүргізушісі Айгерім Қабибекқызы. Ол Қазақстаннан келген, өзі орыс, қазақ, өзбек және басқа тілдерді жетік меңгерген.
2023 жылғы көктемінен бастап, Ынтымақтастық орталығындағы Қорғас-Иву халықаралық сауда қаласының трансшекаралық электронды коммерцияның тікелей эфир бизнесін қарқынды дамыта бастады. Айгерім Қабибекқызы сол жылдың маусым айында тікелей эфирде зат сату қатарына ресми түрде қосылып, сауда қаласындағы алғашқы шетелдік тікелей эфирде зат сатушы болды.
Оның тікелей эфирі Қазақстаннан, Ресейден және басқа елдерден көптеген тұтынушыны тартып, олардың саны үздіксіз артып келеді. Ай сайын эфирде құны миллион юаньнан астам зат сатады.
Қорғас-Иву халықаралық сауда қаласының басқарма төрағасы Джин Синчжунның айтуынша, қазіргі уақытта компанияда Орталық Азия мен Ресейдегі тұтынушыларға Қытай тауарларын жеті тілде ұсынатын 20-дан астам шетелдік тікелей эфирде зат сатушы бар. Көп тілді тікелей эфирде зат сату оларға шетелдегі платформаларда сансыз жанкүйерлерді таратуға мүмкіндік берді.
people.cn © People's Daily Online