Юньнань мангосы Қазақстанға алғаш рет экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 шілде

11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Баошань қаласынан 20 тонна манго жемісі Шыңжаңдағы Бақты порты арқылы Қазақстанға жеткізілді. Бұл Баошань мангосының Қазақстанға бірінші рет экспортталуы.

Қазақстанға экспортталған мангоның алғашқы тобы нарықта жақсы сұранысқа ие болды. Баошань қаласы биыл Рессейден кейін тағы бір экспорттаушы елді қосып, сыртқы нарығын барған сайын кеңейте түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото