- Барлық ақпарат
Қытайдың сыртқы саудасы 6,1%-ға өсті
12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Бас кеден басқармасы бүгін (1 шілде күні) биылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың тауарлар импорты мен экспорты бойынша саудасының жалпы құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өскенін және сауда ауқымы жаңа жоғары деңгейге жетіп, тоқсандық үрдісі жақсарғанын хабарлады.
Есепке сәйкес, Қытайдың тауар импорты мен экспорты саудасының жалпы құны 21,17 трлн юаньды (шамамен 2,97 трлн АҚШ доллары) құрайды. Оның ішінде экспорт 6,9%-ға, импорт 5,2%-ға өсті.
Қытайдың импорты мен экспортының өсу қарқыны тоқсан сайын жеделдеп, екінші тоқсанда 7,4%-ға өсті, бұл бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа және өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 5,7 пайыздық тармаққа өсті. Осылайша сыртқы сауда динамикасы жақсы бағытқа қарай одан әрі нығайды.
people.cn © People's Daily Online