«Тяньцзинь порты-Қорғас-Орталық Азия елдері» халықаралық интермодальдық пойызы сәтті жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 шілде

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 13 шілде күні кешке 55 дана 40 футтық контейнерге толы пойыз Тяньцзинь портынан жолға шығып, Қорғас порты арқылы жаңа Азия-Еуропа құрлық көпірімен Қазақстанға және басқа да Орталық Азия елдеріне жол тартты.

Бұл пойыздың сәтті жөнелтілуіне Тяньцзинь порт тобы ұйымдастырған теміржол, кеден, кеме немесе әуе қатынасы және сауда кәсіпорындары арасындағы тығыз ынтымақтастық ықпал етті. Бұл соңғы жылдары Орталық Азияға қарай бағыт алған алғашқы халықаралық интермодальдық пойыз. Оған негізінен автомобильдер, жабдықтар, көлік доңғалақтары, майлау материалдары және басқа да тауарлар тиелген.

Пойыздың сәтті ашылуы сауда серіктестеріне «Тяньцзинь порты-Шыңжаң-Орталық Азия» халықаралық интермодальдық көлік қызметін ыңғайлы әрі толық ұсынуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото