Бірінші жартыжылдықта Шыңжаңның сыртқы саудасының импорты мен экспорты сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,4%-ға жоғарылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 шілде

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Үрімжі кеденінен осы жылдың бірінші жартыжылдығында Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне саудасының импорты мен экспортының жалпы құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға өскенін білді. Олардың ішінде Қазақстан мен Қырғызстанға сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны сәйкесінше 45,8%-ға және 8,7%-ға ұлғайды.

Бірінші жартыжылдықта Шыңжаң әлемнің 205 елі және аймағымен сауда қарым-қатынасында болды. Ал алдыңғы екі ірі сауда серіктесі - Қазақстан мен Қырғызстан.

Статистикаға сәйкес, бірінші жартыжылдықта Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 220,63 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,4%-ға жоғарылады. Маусым айында сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 35 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото