Қытай-Өзбекстан диалогы ежелгі өркениеттің жаңа мүмкіндіктерін ашты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 шілде

24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Осыдан 1300 жыл бұрын Қытайдағы Тан әулетінің ғұламасы Сюаньцзан Самарқандтың бай және әдемі пейзажын суреттеген еді. Қытай да, Өзбекстан да - ежелгі өркениетті елдер. Ал Ұлы Жібек жолы екі мың жылдан астам уақыт бойы екі халық арасындағы достық алмасулардың куәсі болды. Бүгінгі таңда Қытай мен Өзбекстанның мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастығы барған сайын кеңейіп, өркениеттер диалогының озық үлгісіне айналды.

Жақында онлайн «Халық Газетінің» сұхбат тобы Өзбекстанға барып, ежелгі Жібек Жолы өркениетінің даңқты тарихына зер салды. Журналистер екі ел арасындағы өркениеттер алмасуының адамзаттың дамуы мен ілгерілеуіне әкелген өміршеңдігі туралы жазды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото