Қытай ғалымдары алғаш рет ай топырағынан молекулалық су тапты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 шілде

25 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ғылым академиясының жақындағы мәліметінше, еліміздің ғылыми-зерттеу тобы «Чанъэ-6» әкелген ай топырағынан су молекулалары мен аммонийге бай белгісіз минералды кристалл бар екенін анықтады.

Осылайша ғалымдардың айдан әкелінген топырақтан молекулалық суды алғаш рет тауып отыр. Бұл ай эволюциясын зерттеу үшін үлкен маңызға ие және адамның ай ресурстарын дамыту мен пайдалануына көбірек мүмкіндіктер береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото