- Барлық ақпарат
Қытай әскери офицерлері Африка мен Моңғолияда бірлескен жаттығуға қатысады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 шілде
26 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Чжан Сяоган 25 шілде күні Қытай, Танзания және Мозамбик армиялары шілде айының соңынан тамыздың ортасына дейін Африкада «Бейбітшілік пен бірлік-2024» бірлескен оқу-жаттығуын өткізетінін мәлімдеді.
Оқу-жаттығу кезеңінде үш елдің армиясы құрлықтағы және теңіздегі терроризмге қарсы бірлескен әскери операцияларды жүргізеді.
Сонымен бірге Моңғолияның Қорғаныс министрлігінің ұсынысымен Қытай Халық азаттық армиясының құрлық әскерлері шілде айының соңында Моңғолиядағы «Хан зерттеу-2024» атты көп елдік бітімгершілік күштері жаттығуына қатысады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online