- Барлық ақпарат
Қытай шетелдік туристердің қонақүйлерде тұруын тағы жеңілдетеді
26 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 25 шілде күні Қытайдың Сауда министрлігі және басқа жеті департамент шетелдіктердің қонақүйлерде орналасуын жеңілдету бойынша бірқатар шара туралы хабарлама жариялады. Құжатта жергілікті үкімет пен онлайн брондау платформалары тұрғын үй операторларына біліктілік талаптары мен басқа да шекті мәндерге сүйеніп, қонақүй шаруашылығымен айналысатындардың шетелдік қонақтарды қабылдауына шектеу қоюға болмайтыны көрсетілген.
Желілік операциялық платформалар мен қонақүй шаруашылығымен айналысатындар шетелдіктерді қабылдамайтыны туралы ақпарат таратып, заң бұзбауы керек екені көрсетілген. Сондай-ақ құжатта қонақүй шаруашылығымен айналысатындар шетелдік туристердің тіркелуін оңтайландырып, ақпарат жинау процедураларын жеңілдету керегі атап өтілген.
Сонымен қатар хабарламада қонақүй индустриясында шетелдік қонақтарға төлем қызметтерін жеңілдету қажеттілігі де айтылған.
people.cn © People's Daily Online