- Барлық ақпарат
Қытайдың екі табиғи мұра нысаны ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 шілде
29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Мемлекеттік орман шаруашылығы және шабындық басқармасынан алған мәліметіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша 2024 жылғы 26 шілдеде Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 46-ыншы отырысында Бадан-Джарэнг шөлі-Шашань көлі тобы және Қытайдың Сары (Бохай) теңізінің жыл құстары мекендейтін жері (екінші кезең) комитеттің тексеруінен ойдағыдай өтіп, Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.
Бүгінде елімізде 15 дүниежүзілік табиғи мұра нысаны, 4 мәдени және табиғи мұра нысаны бар. Осылайша еліміз Дүниежүзілік табиғи мұра нысандарының жалпы саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online