Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың сыртқы саудасы алғаш рет 21 триллион юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Мемлекеттік кеңестің ақпарат басқармасы баспасөз жиналысынан алған мәліметіне сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың сыртқы саудасы алғаш рет 21 триллион юаньнан асып, жаңа биікке шықты.

Бас Кеден басқармасы жауапты тұлғасының айтуынша, Қытай Коммунистік партиясының 18-інші мемлекеттік құрылтайынан бастап, Қытайдың сыртқы саудасы жылына шамамен 1,6 трлн юаньға өскен. Бұл орташа деңгейдегі ел импорты мен экспортының жалпы жылдық көлеміне тең. Еліміздегі тауарлардың жалпы саудасы 7 жыл қатарынан әлемде бірінші орында тұр. Сол сияқты еліміз 150-ден астам ел мен аймақтың ірі сауда серіктесі болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото