Сянган мен Аомэнь аймағы арқылы Хайнаньға кіретін шетелдік туристік топтар үшін 144 сағаттық визасыз режим қабылданды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 шілде

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Иммиграция басқармасы 2024 жылдың 30 шілдесінен бастап Сянган мен Аомэнь арқылы Хайнаньға келетін шетелдік туристер үшін 144 сағаттық визасыз режимді енгізу туралы хабарландыру жариялады.

Ережеге сәйкес, Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдің азаматтары Сянган мен Аомэньға кәдімгі төлқұжаттарымен келіп, Сянган мен Аомэньда заңды тіркелген туристік агенттіктер ұйымдастырған топтармен (2 адам немесе одан да көп) Хайнаньға кіре алады. Туристердің визасыз тұратын уақыты 144 сағаттан аспауы тиіс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото