Қытай құрамасы 1 тамызда Париж Олимпиадасында 2 алтын және 3 қола медаль алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 тамыз

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 2 тамыз таңсәріге дейінгі жағдай бойынша, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы ашылу салтанатынан кейінгі алтыншы жарыс күні, Қытай делегациясы 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 50 метрлік винтовкадан үш формада ату жарысында қытайлық ойыншы Лю Юйкунь мықты өнер көрсетіп, барлық үздік ойыншыларды 463,6 сақина нәтижесімен жеңіп, чемпион атанды.

Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық жүру жарыстың финалында әлем рекордшысы және қытайлық ойыншы Ян Цзяюй 1 сағат 25 минут 54 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы 4×200 метрлік еркін жүзу эстафетасының финалында Қытай құрамасы Ян Цзюньсуань, Ли Бинцзе, Ге Чутун және Лю Ясинь7 минут, 42 секунд 34 тақылда қола медальға қол жеткізді.

1 тамызда Париж Олимпиадасындағы жүзуден әйелдер арасындағы 200 метрлік көбелек жүзу финалында Чжан Юйфэй қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы дзюдодан 78 келі салмақтағы қола медаль матчында қытайлық Ма Чжэньчжао қола медальді қоржынға салды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото