Си Цзиньпин Қытай ұлтының мәдени және табиғи қазыналарын қорғауды талап етті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 тамыз

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин мәдени және табиғи мұраны қорғау, мұрагерлік ету және пайдалануды нығайту бойынша маңызды тапсырмалар берді. Ол Бейжіңнің орталық осі мен Бадан-Джарэнг шөлі-Шашань көлі тобы және Қытайдың Сары (Бохай) теңізінің жыл құстары мекендейтін жерінің (екінші кезең) Дүниежүзілік мұралар тізіміне сәтті енгенін орай етіп, мәдени және табиғи мұраны жалпы және жүйелі қорғауды одан әрі нығайту, мұраны қорғау қабілеті мен деңгейін тиімді арттырып, Қытай ұлтының мәдени және табиғи қазыналарын қорғау керек екенін атап көрсетті.

Төраға мәдени және табиғи мұраға мұрагерлік ету мен пайдалануды үздіксіз нығайтып, оның жаңа дәуірде жаңаша өміршеңдік күшін тасқындату керек екенін баса айтты.

Ол мәдени және табиғи мұра саласындағы халықаралық алмасулар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ нақтылы әрекетпен жаһандық өркениет бастамасын жүзеге асыру және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы құрылысын ілгерілету үшін жаңа әрі үлкен үлес қосу қажеттігін атап өтті.

Жақында Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар жөніндегі 46-ыншы конференциясы Қытайдың «Бейжіңнің орталық осі - Қытайдың армандағы астаналық тәртібінің жауһары» дүниежүзілік мәдени мұра номинациясы жобасын және Бадан-Джарэнг шөлі-Шашань көлі тобы мен Қытайдың Сары (Бохай) теңізінің жыл құстары мекендейтін жері (екінші кезең) дүниежүзілік табиғи мұра номинациясы жобасын дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді. Осы уақытқа дейін еліміздегі дүниежүзілік мұра нысандарының жалпы саны 59-ға жетіп, әлемде алдыңғы қатарда тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото