- Барлық ақпарат
Сағатына 1000 шақырым! Қытайда жоғары жылдамдықты көліктің төмен вакуумдық ортадағы жүйелік интеграцияны көрсету сынағы сәтті болды
6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 тамызда «Science and Technology Daily» газетінің хабарлауынша, тілші Шаньси өлкесінің Датун қаласындағы Янгао ауданында жоғары жылдамдықты көліктерді сынау базасынан алған ақпаратына сәйкес, жақында Қытай әзірлеген ультра жоғары жылдамдықтты төмен вакуумды құбырда маглев тасымалдау жүйесінің толық өлшемді сынақ желісі (I Фаза) Шаньси өлкесінің Датун қаласы, Янгао ауданында төмен вакуумды ортада жүйені біріктіру демонстрациясын және тексеру сынағын сәтті аяқтады.
Бұл сынақта күшті навигатор қолданылды. Жоба тобы 2 шақырымдық құбырда төмен вакуумдық ортаны орнатуды аяқтағаннан кейін, күшті навигаторлы көліктің максималды жүру жылдамдығы мен қалқу биіктігі алдын ала белгіленген мәндермен сәйкес келді және жүйелер қалыпты жұмыс істеп, сынақ сәтті аяқталды.
Жоғары жылдамдықты көлік жобасының құрылысы 2022 жылдың сәуір айында Датун қаласының Янгао ауданында ресми түрде басталды. Жоба аэроғарыштық технологиялар мен жер үсті теміржол транзиті технологияларын біріктіреді. Мақсат - сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен жүре алатын теміржол пойыздарының ультра жоғары жылдамдықтағы «жер бетінде ұшуына» қол жеткізу.
people.cn © People's Daily Online