Алғашқы жеті айда Қытайдың тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 тамыз

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бас Кеден Басқармасының 7 тамызда жариялаған деректері осы жылдың алғашқы жеті айында Қытайдың тауар импорты мен экспорты бойынша саудасының жалпы құны 24,83 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға өскенін көрсетті. Шілде айында Қытайдың сыртқы сауда импорты мен экспорты 3,68 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға ұлғайды.

Алғашқы жеті айда Қытайдың АСЕАН-мен сауда-саттық саласының жалпы құны 3,92 трлн юаньды құрап, 10,5% - ға өсті. Бұл Қытайдың жалпы сыртқы саудасының 15,8%-ын құрады.

Сонымен қатар, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» елдеріне және «Аймақтық Кешенді Экономикалық Серіктестік Туралы Келісімге» (RCEP) мүше басқа елдерге импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 7,1%-ға және 5,7%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото