Қытай құрамасы бір күнде 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 тамыз

Ли Фабинь

Ли Фабинь

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақыты бойынша 7 тамыз күнгі түстен бастап, 8 тамыздың таңертеңіне дейін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы бір ойын күнін аяқтады. Осы күні Қытай құрамасы барлығы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола жеңіп алды.

Хоу Чжихуэй

Хоу Чжихуэй

7 шілде күні Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан өткен ерлер арасында 61 келі салмақтағы жарыста қытайлық ойыншы Ли Фабинь алтын медаль еншіледі. 8 тамыз күні таңертең Париж Олимпиадасының ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 49 келі салмақтағы финалында қытайлық ойыншы Хоу Чжихуэй алтын медальға қол жеткізді. Сол күні Париж Олимпиадасында мәнерлеп жүзу бойынша ұжымдық дағдыларды іріктеу жарысы аяқталды. Қытай құрамасы үш жарыста жалпы 996,1389 ұпаймен бірінші орынды иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.

Мәнерлеп жүзу құрамасы

Мәнерлеп жүзу құрамасы

Әйелдер арасында тез жартасқа өрмелеуде Дэн Лицзюань күміс, таэквондодан әйелдер арасында 49 келі додада Го Цин күміс, әйелдер арасындағы еркін күрестен 50 келі салмақтағы жарыста Фэн Цзыци қола медальға ие болды.

Дэн Лицзюань

Дэн Лицзюань

Соңғы медальдар кестесінде Қытай құрамасы 25 алтын медальді еншілеп тұр.

Го Цин

Го Цин

Фэн Цзици

Фэн Цзыци

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото