Қазақстан мен Өзбекстан президенті Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы контейнерлік пойыздың Ташкентке келу рәсіміне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 тамыз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы контейнерлік пойыздың Сианьнан Ташкентке келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды akorda.kz.

Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев пен Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Макхамов екі елдің көлік-транзит мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүргізілген бірлескен жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы сәуір айында Хиуа қаласында Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытында жүк тасымалын ұйымдастыру және Транс-Ауған бағытын дамыту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілген болатын. Соның шеңберінде жүктерді жеткізу мерзімі қысқарды. Контейнерлі пойыз 4486 шақырым жолды 5 тәуліктің ішінде жүріп өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Жүк пойызы Сиань қаласындағы порттан Қазақстан аумағы арқылы Ташкентке жөнелтілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото