ШЫҰ Халықаралық капитал портының валюталық сауда альянсы Циндаода құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 тамызда Циндаода ШЫҰ Халықаралық капитал портының валюталық сауда альянсының құрылуы және халықаралық валюта саудасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті. Альянс ШЫҰ-ның Астана Саммитінің рухын терең жүзеге асыруға және ШЫҰ елдері үшін алғашқы валюталық листинг пен сауда алаңын құруға бағытталған.

Альянстың негізгі міндеттері - альянс мүшелерін валюталық листинг және сауда бизнесін жүзеге асыруға жәрдемдесу, ШЫҰ Халықаралық капитал портының трансшекаралық есеп айырысу орталығының құрылысына қызмет көрсету, альянс мүшелері арасында тығыз байланыс пен ынтымақтастықты дамыту. Ағымдағы шот бойынша теңге сияқты валюталарды юаньмен еркін айырбастауды жүзеге асырады, жергілікті валюталарда трансшекаралық есеп айырысу және айырбастау тетіктерін құруды зерттейді. ШЫҰ елдерінің импорты мен экспорты үшін көбірек валюталық нұсқаларды ұсынып, әртүрлі елдердегі жергілікті валюталық есеп айырысулардың үлесін кеңейтеді. Осылайша трансшекаралық есеп айырысу шығындарын азайтып, капиталды қаржыландыруға жәрдемдесу және ШЫҰ елдері арасындағы трансшекаралық қаржылық ынтымақтастықты тереңдетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото