Шыңжаңда алғашқы халық шығармашылығы маусымы ұйымдастырылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңда халық шығармашылығының алғашқы маусымы 20 тамызда басталады.

Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігінің өкілі Чжан Цзиньнин 9 тамызда Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында халық шығармашылығы маусымы Шыңжаңдағы тұрақты өнер іс-шарасына айналатынын және екі жылда бір рет өткізілетінін айтты. Бұл қадам жергілікті мәдени өмірді байытуға және туризмді дамытуға бағытталған.

Жергілікті суретшілер мен халық шығармашылығы ұжымдары өздерінің ең жақсы бағдарламаларын көрсетеді, сонымен қатар еліміздің басқа аймақтарынан жетекші халық шығармашылығы ұжымдары шақырылады. Чжан Цзиньнинның айтуынша Үрімжіде және Шыңжаңның басқа да бірнеше қаласында концерт ұйымдастырылады.

Ол іс-шара барысында материалдық емес мәдени мұра көрмелері, мәдени және шығармашылық өнімдер көрмелері, көркем туристік маршруттарды ілгерілету, азық-түлік базарлары және басқа да осыған байланысты іс-шаралар өткізілетінін айтты.

Шығармашылық маусымында сонымен қатар онлайн көрмелер сияқты онлайн өнер іс-шаралары өткізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)

Фото