- Барлық ақпарат
Қазақстан мен Қытай жаңа халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосты
Қазақстан мен Қытай жаңа халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметінен.
Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) ҚазҰУ базасындағы филиалы талапкерлерден құжаттар қабылдауда. Филиал бакалавриат түлектеріне бүгінде өзекті саналатын «Электроника және коммуникациялық технологиялар», «Материалтану және инженерия» және «Компьютерлік ғылымдар мен технологиялар» мамандықтарын меңгеруді ұсынады.
Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы мамырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) Қазақстандағы филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісім негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12 қазанда ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.
Филиалда магистратураның бірінші жылын студенттер Қазақстанда, екінші жылын Қытайда оқиды. Оқуын аяқтаған соң жастар екі жоғары оқу орнының ҚазҰУ мен СБПУ қос дипломын алады. Филиал түлектері халықаралық технологиялық компанияларда жұмыс істей алады. Бүгінде көптеген қытайлық өндірушілер Қазақстанда өкілдіктерін ашуда.
Оқуға түсушілер кешенді тестілеуден (КТ) өтуі қажет. Грант иегерлері автоматты түрде қабылданады. Грант иеленбеген, бірақ 75 балдан жоғары бал жинаушылар әңгімелесуден өтуге мүмкіндік алады. Филиал студенттеріне қосымша стипендиялар беріледі. Құжаттарды қабылдау уақыты 20 тамызға дейін жалғасады.
people.cn © People's Daily Online