- Барлық ақпарат
Жыл басынан бері жөнелтілген Қытай-Еуропа (Сиань) пойызының саны 3000-нан асты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 тамыз
14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- X8153 Қытай-Еуропа пойызы 13 тамызда Сиань Халықаралық порт станциясынан жолға шықты. Бұл биылғы Қытай-Еуропа (Сиань) пойызының Транскаспий және Қара Теңіз оңтүстік дәлізімен Еуропаға қатынайтын алғашқы пойызы. Сондай-ақ биыл қатынаған Қытай-Еуропа (Сиань) пойызының 3000 пойыздан асқанын білдіреді.
Пойызға машина бөлшектері, жабдықтар, тұрмыстық заттар және басқа да тауарлар толығымен тиелген. Сиань Халықаралық порт станциясынан шыққаннан кейін ол Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия және басқа елдер арқылы өтіп, соңында Германияның Мангейм қаласына жетеді. Жол 11 300 шақырымды құрайды. Ол Германияға шамамен 9 қыркүйекте келеді деп күтіліп отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online