Шыңжаңның сыртқа электр энергиясын жеткізуі 800 миллиард киловатт-сағаттан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 тамыз

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында журналистердің Шыңжаң электр энергетикалық сауда орталығы компаниясынан алған мәліметінше, Шыңжаңдағы электр энергиясын жеткізу жобасы 2010 жылы жүзеге асырыла бастағаннан бері Шыңжаңның сыртқа электр энергиясын жеткізу көлемі сағатына 801,4 миллиард киловаттқа жетті. Яғни жалпы саны 800 миллиард киловатт-сағаттан асып, электр энергиясын жеткізу ауқымы 20 өлкені, облыстарды және қалаларды қамтыды.

Осы жеткізілген электр энергиясының ішінде жаңа энергиядан сыртқа жеткізілгені 230 миллиард киловатт-сағаттан астам, бұл жалпы жеткізілген электр энергиясының шамамен 30%-ы.

Еліміз энергия өндіруінің маңызды базасы ретінде Шыңжаң көмір ресурстарының жалпы көлемі, жел энергиясы ресурстарының қоры және күн энергиясының жалпы жылдық сәулеленуі бойынша елдің алдыңғы қатарында. Бұл сонымен қатар елдегі тоғыз ауқымды таза энергетикалық базаның бірі.

Соңғы жылдары Шыңжаң жаңа энергияны негізгі тұлға еткен жаңа түрдегі энергетикалық жүйе құрылысын жеделдетіп, жаңа энергетиканы дамытуда тың жетістіктерге қол жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото