Халықаралық тасжол тасымалы жүйесін шоғырландыру орталығы (Үрімжі) ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 тамыз

15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық тасжол тасымалы жүйесін (TIR) шоғырландыру орталығы 14 тамыз күні (Үрімжі) ресми түрде ашылып, жұмысын бастады. Бұл еліміздегі Халықаралық жол тасымалы одағы (IRU) сертификаттаған екінші TIR шоғырландыру орталығы. Бұл Шыңжаңның трансшекаралық логистика саласын одан әрі ілгерілеуін білдіреді, теміржол тасымалы мен халықаралық автомобиль тасымалының өзара селбестік және бірін-бірі толықтыратын даму үлгісін қалыптастырады.

TIR - Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенцияларына негізделген жаһандық трансшекаралық жүктерді кедендік рәсімдеу жүйесі. Ол кедендік рәсімдеудің тиімділігін арттыру арқылы көпжақты сауда мен халықаралық тасымалдауды жеңілдету мен қауіпсіздігіне ықпал етеді. Ол автомобиль жолдары, теміржолдар, ішкі өзендер және теңіз көлігі сияқты мультимодальды көліктерді өз ішіне алады, бұл бүкіл әлем бойынша 70-тен астам уағдаласушы мемлекетті қамтиды. Еліміз ресми түрде TIR-ге 2016 жылы қосылды.

Шыңжаң - «Бір белдеу, бір жолдың» негізгі аймағы. Осы жылдың мамыр айында Қытайдағы IRU сертификаты бар алғашқы TIR шоғырландыру орталығы Қашқарда ашылған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Renato Lu)

Фото