- Барлық ақпарат
Екі департамент табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін алдын ала орталық қордан 115 млн юань бөлді
20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай Қаржы министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, тамыз айынан бастап Ішкі Моңғолдың шығыс-орталық, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аймақтарында болған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін Қаржы министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі жақында алдын ала 115 миллион юань қаражат бөлді. Бұл қаражат Ішкі Моңғол, Хэйлунцзян, Шэньси, Ганьсу және Нинся сынды бес өңірде табиғи апаттарды жоюға арналған орталық қорлар. Мұнда төтенше жағдайлар салдарын жою жұмыстарын белсенді жүргізіп, әсіресе, апаттардан зардап шеккен адамдарды іздестіру-құтқару және қауіпсіз жерге көшіру, қатерлерді жою, сондай-ақ апаттардан болатын шығынды азайту үшін қайталама апаттардың жасырын қауіптерін зерттеу сияқты әрекет ету шаралары жүргізіледі.
people.cn © People's Daily Online