Алғашқы жеті айда Үрімжінің Кешенді еркін сауда аумағындағы отандық автокөліктердің экспорттық саудасының көлемі 328%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 тамыз

20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл басынан бері Үрімжі Кешенді еркін сауда аумағына отандық автомобильдердің экспорты айтарлықтай өсті. Алғашқы жеті айда Кешенді еркін сауда аумағында отандық автомобильдердің экспорты 3000 данадан асып, экспорттық сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328%-ға жетті.

8 тамызда 268 отандық автокөлік тиелген жүк көліктері Үрімжі Кешенді еркін сауда аумағынан шығып, Қорғас порты арқылы Орталық Азия мен Еуропа елдеріне аттанды.

«Бұл Үрімжі Кешенді еркін сауда аумағынан экспортталатын көліктердің 13-ші партиясы. Алғашқы жеті айда компанияның экспорттық сауда көлемі 200 миллион юаньнан астамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге өсті», - деді Sinowor (Шыңжаң) халықаралық тасымал компаниясының бас менеджері Ван Хуаньдун. Алғашқы жеті айда компания 2000-нан астам отандық автокөлікті экспорттағанын хабарлады, бұл Үрімжінің кешенді еркін сауда аумағынан экспортталған көліктердің 74%-ын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото