Қазақ дәрігері Қытайдағы «ең үздік дәрігер» атағын алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 тамыз

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 19 тамыздағы Қытай Дәрігерлері күніне орай Орталық үгіт-насихат басқармасы мен ұлттық денсаулық сақтау комитеті 2024 жылғы «Ең үздік дәрігерлердің» тізімін жариялады. Қазақ дәрігері Мәулішәріп үздік деп таңдалды.

Шыңжаңның Алтай өңіріндегі Мәулішәріп – Бурылтоғай ауданындағы ауылдың зейнеткер дәрігері.

40 жыл бойы ол шаруашылық өңірінің түкпір-түкпірін аралап, дәрі-дәрмек пен дәрігерлік қызметін ем алушылардың босағасына дейін жеткізді. Ол Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы әрбір елді мекенді аралап, әрбір малшы отбасымен танысты. Мәулішәріп көп жыл бұрын зейнетке шыққанымен, әлі де ауылдастарының сырқатын емдеп, жарасын жазып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото