- Барлық ақпарат
ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 тамыз
«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп хабарлайды KAZINFORM.
«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды хабарламада.
Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online