Қытай өнеркәсіптік робот бойынша әлемдегі ең ірі нарық

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 тамыз

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай 11 жыл қатарынан өнеркәсіптік роботтардың әлемдегі ең ірі нарығы болып келеді. Қолда бар деректерге сәйкес, 2023 жылы Қытайдағы өнеркәсіптік роботтарды өндіру көлемі 430 мың жинаққа жетті, елдің жаңа орнатылған роботтар қуаты соңғы үш жылда әлемдік нарықтың жартысынан астамын құрады.

Қытай онжылдық қарқынды дамудан кейін жаһандық робототехника өсімінің қуатты драйверіне айналды.

Өкен жылдар ішінде қытай робототехникасы инновациялар мен дамуда үлкен жетістіктерге жетіп, қабылдау, хабардар ету, жоспарлау және бақылау үшін бионикалық технологияларды зерттеу мен дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізілді.

2024 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қытайда роботқа қатысты 190 000-нан астам тиімді патенттер жасалды. Бұл әлемдегі жалпы патенттердің шамамен үштен екісін құрайды.

Өткен аптада Бейжіңде бес күндік Дүниежүзілік робототехника конференциясы ашылды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 169 кәсіпорын қатыст. Қатысушы компаниялар қонақтарға роботтардың 600-ден астам бірлігін көрсетеді, олардың 60-тан астамы алғаш рет ұсынылғалы отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото