4-ші Саябақ қалалары форумының «Бір белдеу, бір жол» қалалық БАҚ ынтымақтастығы кіші форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 тамыз

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 тамызда Чэнду қаласында Қытайдың 4-ші Саябақ қалалалары форумының «Бір белдеу, бір жол» қалалық БАҚ ынтымақтастығы кіші форумы өтті. Кездесуде қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бас жоспары аясында БАҚ-тардың ынтымақтастығы арқылы саябақ қалаларының сапалы құрылысын қалай ілгерілету керегін бірлесіп талқылады.

Чэнду Парк-Ситиінің эндогендік күші қандай? БАҚ ретінде біз саябақ қаласын бірге салуда қандай рөл атқарамыз? Z дәуірі үшін халықаралық байланысты қалай жүзеге асыруға болады? Ақпарат таратудың жолын қалай жеңіл етуге болады?.. Осы тақырыптар бойынша Сямэнь университетінің журналистика және коммуникация мектебі деканының орынбасары Су Цзуньбинь, Қытай Байланыс университеті Азия медиа зерттеу орталығының арнайы зерттеушісі Чжан Жунган, Онлайн «Халық газетінің» испандық сарапшысы Alvaro Lago Sanchez, Сычуань өлкесі партия комитеті мен өлкелік үкіметтің шешім қабылдау жөніндегі консультативтік комитеті меңгерушісінің орынбасары Ли Хоуцян және басқа да сала қайраткерлері, сарапшылар мен ғалымдар негізгі баяндамалар жасады.

Форумда онлайн «Халық газеті» және Сычуань Халықаралық байланыс орталығы бірлесіп түсірген «Қала сыры» атты Чэнду қаласының үгіт-насихат фильмі ресми түрде көрсетілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото