Boeing: Алдағы 20 жылда Қытайдың ұшақтар саны екі есеге артады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 тамыз

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамыз күні Boeing жариялаған «Қытайдың коммерциялық авиация нарығының 2024 жылға арналған болжамы» (CMO) Қытайдың азаматтық ұшақтарының көлемі 2043 жылға қарай екі есеге өсетінін көрсетті.

Болжамдарға сәйкес, алдағы 20 жылда Қытайдың азаматтық ұшақтар көлемі жылына орта есеппен 4,1% артып, 4 345-тен 9 740 ұшаққа дейін көбейеді. Қытайдың жалпы жолаушылар ағыны жылына орта есеппен 5,9% өсіп, әлемдік орташа көрсеткіш 4,7%-дан асып түседі. Осылайша ол әлемдегі ең ірі әуе жолаушылар ағыны нарығына айналады.

Сонымен қатар қытайлық авиакомпаниялар 780 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі авиациялық қызметтерді қолданып цифрлық шешімдерді, техникалық қызмет көрсетуді және қайта жабдықтауды қоса алғанда, өсіп келе жатқан ұшақтар көлемін қолдайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото