- Барлық ақпарат
Былтыр Қытайдың цифрлық экономикасының ауқымы 53,9 трлн юаньға жетті
28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамызда Қытайдың Ақпараттық-коммуникациялық зерттеулер институты Қытайдың Халықаралық үлкен деректер индустриясы көрмесінде «Қытайдың цифрлық экономикалық дамуы туралы зерттеу есебін (2024)» жариялады. Есепте көрсетілгендей, 2023 жылы Қытайдың цифрлық экономикасының ауқымы 53,9 трлн юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 трлн юаньға артып, өсу қарқынының кеңеюі салыстырмалы түрде тұрақты диапазонға енді.
Цифрлық экономиканың ұлттық экономикадағы мәртебесі мен рөлі одан әрі арта түсті. 2023 жылы Қытайдың цифрлық экономикасы ЖІӨ-нің 42,8%-ын құраған болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық тармаққа жоғары; цифрлық экономика номиналды мәнде жыл сайын 7,39%-ға өсті, бұл сәйкесті кезеңдегі ЖІӨ-нің номиналды өсу қарқынынан 2,76 пайыздық тармаққа жоғары; Цифрлық экономиканың ЖІӨ-нің өсуіне қосқан үлесі 66,45%-ға жетті және цифрлық экономика тұрақты экономикалық өсуді тиімді қолдады.
people.cn © People's Daily Online