Алашанькоу теміржол портынан биыл 5000-нан астам пойыз өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 тамыз

29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай теміржолы Үрімжі бөлімшесінен алған ақпаратына сәйкес, 27 тамыздағы жағдай бойынша Алашанькоу теміржол портынан өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны өткен жылмен салыстырғанда 36 күн бұрын 5000 пойыздан асқан. Сөйтіп саны 5017 пойызға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға өсті.

Алдыңғы жеті айда Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны 24,83 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артып, тұрақты және жақсарған тенденцияны сақтап қалды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото