Қазақстанның Энергетика министрлігінің басшысы Қытайға сапармен келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 тамыз

29-30 тамыз аралығында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация ҚХР-ға ресми сапармен келді деп жазды ҚР Энергетика министрлігі.

Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы ҚХР ірі энергетикалық компанияларының өкілдерімен және мемлекеттік органдармен бірқатар кездесулер өткізді.

Тараптар елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты.

Сапар барысында қытай тарапы қазақстандық делегацияны компанияның көрме павильонымен таныстырып, Қытай аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото