Қытай қызмет көрсету саудасын ашу және дамыту жөніндегі жетекші пікірді жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- 2 қыркүйекте Мемлекеттік кеңестің Бас басқармасы «Жоғары деңгейдегі ашықтық арқылы Сервистік сауданың сапалы дамуына ықпал ету туралы ұсынысты» жарыққа шығарды.

Құжатта сервистік сауда жүйесінің ашылуына ықпал ету, ресурстық элементтердің трансшекаралық ағынын ілгерілету, негізгі салалардың инновациялық дамуына жәрдемдесу, халықаралық нарықтың макетін кеңейту, қолдау жүйесін жетілдіру сияқты бес аспект бойынша 20 шара ұсынылды. Бұлар қызмет көрсету саудасын цифрландыру, интеллектуалдандыру, жасылдандыру процесін жеделдетуге бағытталған.

Құжатта сервистік сауда саласын институционализациялауға және іске қосуға жәрдемдесу, трансшекаралық сервистік сауданың теріс тізбесін басқару жүйесін құру және жетілдіру, сауда түрін стандарттау деңгейін арттыру ұсынылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото