Шыңжаңға байланысты АҚШ санкцияларына қарсы қаулы күшіне енді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық регионы Халық жиналысының Тұрақты комитеті АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты бірқатар санкциялары туралы заңдарына үзілді-кесілді қарсы тұру және санкцияланған кәсіпорындар мен тиісті салалардың дамуын қолдау туралы қарарлар шығарды.

Қарардың мақсаты-Халықаралық қауымдастық пен Шыңжаң халқына АҚШ-тың Шыңжаңға қарсы санкциялар енгізу туралы теріс пиғылын ұғындыру, Шыңжаңдағы корпоративтік қызметті АҚШ-тың басып-жаншуы арқылы Шыңжаңның әлеуметтік тұрақтылығы мен дамуына қауіп төндіргені туралы шындықты әшкерелеу. Қарар сондай-ақ санкцияланған кәсіпорындар мен сабақтас салалардың дамуына қолдау білдірді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық регионы Халық құрылтайы Тұрақты комитетінің 14-інші отырысында аталмыш қарар қабылданды.

2022 жылдың маусымында күшіне енген «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке тартудың алдын алу туралы Заң» Шыңжаңнан АҚШ нарығына «мәжбүрлі еңбекке» байланысты тауарларды импорттауға тыйым салады. Бұл Шыңжаң кәсіпорындарының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сондай-ақ Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың күнкөрісі мен дамуына елеулі кедергі жасайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото