Хуаншань тауын көз қарашығындай қорғап келеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек

Мен ұлы Хуаншаньды жақсы көремін丨«Қытайдағы жақсы адамдар»: «Жасыл тау, мөлдір суларды көзінің қарашығындай қорғап келе жатқандар»

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хуаншань тауы көркем аумағының тазалаушысы Ли Пейшэн мен қонақтарды қарсы алу қарағайын қорғаушы Ху Сяочунь Хуаншань тауы көркем аумағының ұсынушы қызметкерлері болды.

«Сіздер көптеген жылдар бойы жартастардың арасындағы қоршаған ортаны тазалап, күн сайын мың жылдық қонақтарды қарсы алу қарағайын баптап, әдемі Хуаншань тауын көз қарашығыңыздай күтіп келесіздер. Бұл сіздердің жұмысқа адал болып, үлес қосу рухтарыңызды көрсетеді». 2022 жылғы 13 тамызда Төраға Си Цзиньпин Ли Пейшэн мен Ху Сяочуньға қайтарған хатында осылай жазған еді.

Ли Пейшэн - Хуаншань тауы көркем ауданындағы арқанмен түсіп, экологияны қорғау жұмысын атқарушы. Бұл жұмыс желмен бірге жартастарға түсіп кеткен туристер тастаған полиэтилен пакеттер мен заттарды теруді қажет етеді.

Ли Пейшэн

Ли Пейшэн

«Жартастың тік биіктігі оннан астам қабаттарға тең. Мен алғаш рет арқанмен түскенде дірілдеп, қалтырап кеткенмін», - деп Ли Пейшэн өзінің есінен кетпейтін «жартастарға жармасып» жұмыс істеген алғашқы сәттерін еске алды.

Ли Пейшэн

Ли Пейшэн

Кәсіби дайындықтан және далалық операциялардан кейін Ли Пейшэн бір ғана қыл арқанмен жартаста емін-еркін жұмыс істейтін болды. Туристік танымал маусымда ол күніне жеті-сегіз рет арқанмен түсіп-шығуы керек, ал бір түсіп-шыққанына шамамен бір сағат кетеді. Соңғы 20 жыл ішінде Ли Пейшэн арқанмен 1800 шақырым жол басты, бұл Джомолунгма(Эверест)шыңына 200 мәрте шыққанмен бірдей.

Ху Сяочунь

Ху Сяочунь

Хуаншань тауы көркем аймағында 1680 метр биіктікте орналасқан қонақ қарсы алу қарағайы жасыл арыстан тасының жапсарынан өсіп шыққан. Қарт қарағайдың жасы шамамен 1000 жыл. Бұл Хуаншань тауы көркем аймағындағы әйгілі көрініс ауданы. Қонақ қарсы алу қарағайын қорғау үшін Хуаншань тауы көркем аймағы арнайы қызметкер шығарып, қарағайға 24 сағаттық ерекше «күтім» көрсетеді. Ху Сяочунь - қарағай қорғаушыларының бірі. Ол күн сайын екі сағатта бір рет үлкейткіш әйнекті қолына алып, дүрбіні мойнына асып, қарағай қабығы мен құрылымын бақылап, тірек таяқшасының босаған-босамағанын мұқият тексереді. Қарағай қорғаған 14 жылында ол 1,4 миллионнан астам әріптен тұратын 90 данадан астам «Қонақ қарсы алу қарағайы күнделігін» жазды.

Ху Сяочунь

Ху Сяочунь

Жұмыс түрлері әртүрлі, бірақ міндеттері ұқсас. Олардың барлығы Хуаншань тауының кербез келбетін көбірек адамға ұсыну. Сонымен бірге туристерге осы сапары үшін қуантатын тамаша сезім сыйлау.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото