- Барлық ақпарат
Шыңжаңда күніне 2,75 миллион нан тұтынылады
3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаңның жергілікті ерекшелікке ие тағамы. Шикізаты қарапайым болғанымен хош исі мұрын жарады. Мыңдаған жылдардың белін бүктірсе де ескірмеген. Ол - Шыңжаң «наны».
«Нан» сөзі парсы тілінен келген, болка деген мағынаны білдіреді. Дайындау кезінде оны бидай немесе жүгері ұнымен ашытып, қамыр илеу керек, сосын арнайы жасалған тонарда пісіреді. Археологтар 2000 жылдан астам уақыт бұрын-ақ нан жергілікті тұрғындардың негізгі тағамы болғанын байқаған. Сауда керуені үзілмеген ежелгі Жібек жолында нан тез бұзылмайтын және тойымды тағам ретіндегі ерекшелігімен ежелден саяхатшылардың «қоректік тағамы» болған.
Қазіргі уақытта Шыңжаңда күніне 2,75 миллион нан тұтынылады. Егер сіз Шыңжаңға келіп қонақ болсаңыз, нанның міндетті түрде басты тағам ретінде дастарқанға қойылатынын байқайсыз. Шыңжаң нанының 300-ден астам түрі бар. Ет нан, май нан, күлше, күнжіт нан, түрлі дәндер қосылған нан, раушан нәрі наны, ащы бұрыш наны сияқты түрлері бар.
Әр жер нанның өзіндік брендтерін шығарып, бос жұмыс орындарын ашып, туризмнің дамуына қолдау жасады. Нан кәсібінің қарқынды дамуы агроөнеркәсіптік құрылымының қайта жасақталуына тиімді ықпал етті. Ол жүгері, қара бидай сияқты ауылшаруашылық және қосалқы өнімдерді өндіру мен сатуды ынталандырды. Шыңжаңның кешенді өнеркәсіптік қуатын айтарлықтай арттырды. Алғашқы тонарда пісірілген наннан бастап, қазір өндіріс әдістері әр тараптандырыла бастады. Нан мыңдаған жылдар өтсе де өміршеңдігін үздіксіз танытып келеді. Бейне жарқыраған қарғалдақ сияқты, Қытай тағамдары тобында жайнап тұр.
people.cn © People's Daily Online