- Барлық ақпарат
Қытайдың 4 жаңа нысаны дүниежүзілік суару инженерлік мұра тізіміне енгізілді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек
3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 3 қыркүйекте Су ресурстары министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Бейжің уақытымен 3 қыркүйекте Австралияның Сидней қаласында өткен халықаралық Суару және дренаж комитетінің 75-інші атқарушы кеңесінде 2024 жылғы (он бірінші партия) дүниежүзілік суару инженерлік мұралар тізімі жарияланды. Еліміздің Шыңжаңындағы Тұрпан кәрізі, Хуйчжоу тоспасы-Уйуань тас бөгеті(бірлескен өтініш), Шэньсидің Ханьинь Фэнянь сатылы атызы және Чунцин Сюшань Цзюйфэнянь сәтті таңдалды.
Бүгінде Қытайда 38 дүниежүзілік суару инженерлік мұра нысаны бар. Еліміз қазір суару инженерлік мұраның түрі ең бай, таралуы ең кең және суарудың артықшылықтары ең көрнекті ел.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online