Шыңжаңда «шөл крабы» сатылымға шығарылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Такламакан шөлінде үлкен крабтар (қысқыштар) өсіріледі. Шыңжаңның Хотан ауданы Такламакан шөлінің шетінде орналасқан. Мұндағы тұзды және сілтілі құмда өсімдіктердің тіршілік етуі қиын.

Дегенмен топырақтың бірегей сапасы су өнімдерін өндіруге қажетті қоректік заттарға бай.

Техникалық қызметкерлер тұзды-сілтілі жердегі тұз крабтарының өсуі үшін қоректік заттармен қамтамасыз ете алатынын, ал крабтарды өсірудің негізгі су көзі жақын маңдағы Юйлун-Қашқар өзенінен келетінін анықтады. Су мол кезде су өнімдерін өсіретін көлшіктерге су толтырып, оған ғылыми өсіру әдістерін қосып, крабтардың өсуіне тамаша орта жасайды.

Бұл крабтар осы жылдың сәуір айында Цзянсудан әуе арқылы жеткізілген 30 000 тонна краб шабақтары болатын. 4 айдан астам уақыт өсіргеннен кейін олар базарға шығарыла бастады.

«Соңғы екі жылда Шыңжаңдағы жаңа асшаяндар мен тірі крабтар онлайн және офлайн режимінде сатыла бастады, алайда үнемі тез сатылып кетеді. Қазір крабтар да нарыққа шыға салысымен тез сатылып кетіп жатыр, пайдасы айтарлықтай жақсы»-, дейді Шыңжаңдағы мәлім теңіз өнімдері мен су өнімдерін шығаратын компанияға жауапты тұлға Ван Цзуань.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото