5G желісі 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық облыс орталығын қамтиды – Бектенов

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қыркүйек

2025 жылдың соңына дейін 5G желісі Қазақстанның барлық республикалық маңызы бар қаласы мен облыс орталықтарын қамтиды, деп хабарлайды Sputnik.

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясының ашылу рәсімінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік қызметтің 90 пайыздан астамы республика тұрғындары үшін мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді.

«Жақында Қарағандыда бір ғимаратта әртүрлі ұйымдардың барлық қызметін көрсететін «Азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету орталығы» ашылды. Мұндай орталықтар еліміздің барлық ірі қаласында ашылады», - деді Бектенов.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото