- Барлық ақпарат
Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы құрылады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қыркүйек
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жасанды интеллект мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі тиіс.
««Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын.
Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады», - деді Тоқаев.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online