Рекордтық көрсеткіш! Шыңжаңда 2023 жылы 529 жаңа жоғары технологиялық кәсіпорын қатарға қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қыркүйекте Шыңжаң автономиялық регионының Нарықты қадағалау және басқару бюросы «Автономиялық регионның 2023 жылғы сапа жағдайы туралы талдау есебін» шығарды. Есепте былай делінген: 2023 жылы автономиялық регион деңгейінде немесе одан жоғары 85 кәсіпорын технологиялық орталығы жаңадан куәландырылды, автономиялық регион деңгейінде 3 өндірістік инновациялық орталық жаңадан дайындалды, 19 өнеркәсіптік инновациялық ғылыми-зерттеу институты куәландырылды. Негізгі бағыттар бойынша 126 ірі ғылыми-техникалық жоба, 402 технологиялық инновациялық жобаны басқару жоспары, 26 негізгі технологиялық инновациялық жоба, 96 сапалы іргелі ғылыми-техникалық жоба, ғылыми-техникалық жетістіктерді трансформациялау және қолдану бойынша 17 жоба жүзеге асырылды. 529 жаңа жоғары технологиялық кәсіпорын пайда болып, қазір жалпы саны 1911-ге жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Мемлекеттік деңгейдегі 9 мамандандырылған жаңа «шағын әрі өзекті» кәсіпорын қосылып, барлығы 51-ге жетті, ал автономиялық регион деңгейінде 162, барлығы 654-ге жетті. 2023 жылы регионда тауар таңбалары бойынша 40 952 дана тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,43%-ға өсті. Регионда ауыл шаруашылығы өнімдеріне 91 географиялық көрсеткіш тіркелген, барлығы 39 өнім географиялық көрсеткіштермен қорғалған, 94 ұжымдық және сертификаттық сауда белгілері (географиялық көрсеткіш) бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото