Елімізде ультра жоғары тазалықтағы графит жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 3 қыркүйек күніалған мәліметіне сәйкес, China Minmetals Corporation еншілес кәсіпорны Minmetals Graphite ғылыми-зерттеу тобы графитті жоғары температурада тазартудың негізгі технологиясын меңгеріп, тазалығы 99,99995%-дан асатын ультра жоғары тазалықтағы графит өнімдерін сәтті әзірледі. Бұл еліміздің ультра жоғары тазалықтағы графит өнімдерінің халықаралық жетекші деңгейге жеткенін көрсетеді және бұл еліміздің стратегиялық дамып келе жатқан салаларында негізгі шикізаттың тұрақты жеткізіліміне серпін береді.

Ультра жоғары тазалықтағы графит құрамында көміртегі мөлшері 99,99%-дан асатын графитке жатады, ол жақсы өзін-өзі майлау қасиеттеріне, жақсы электр өткізгіштігіне, шіруге және жоғары температураға төзімділікке және тамаша химиялық тұрақтылыққа ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото